Қазақстанда 24 Қазақстан тұрады

Қазақстанда 24 Қазақстан тұрады
Фото: pexels.com

Қазақстанда 24 Қазақстан тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның көбі Ақмола облысында тұрады - 7 адам. Тағы 5 Қазақстан Астанада, 4-еуі Қарағанды облысында, үшеуі Қостанай облысында, 2 адам Маңғыстау облысында, екеуі Шымкентте және 1 Қазақстан Батыс Қазақстан облысында тұрады. 

Сонымен қатар, елімізде қаламен аттас адамдар да бар. Яғни 24 Астана, 20 Алматы және 3 Шымкент бар.  

Одан бөлек, Қазақстанда 27 Семей, 15 Атырау, 15 Түркістан, 14 Тараз, 10 Ақтау, 1 Ақтөбе және 1 Талдықорған тұрады.  

Елімізде саяси тұлғалардың есімімен аталған адамдар да бар. Мсыалы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас 12 адам бар, 1 Путин, 1 Трамп және 8 Байден бар. 

Айта кетейік, қаңтарда балаларға ең көп қойылған есімдерде Медина мен Әлихан көш бастап тұр. Елімізде 517 Медина және 313 Әлихан бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина