Желіде Қостанай мектептерінде дайындалып жатқан террористік шабуыл туралы ақпарат тарады

Желіде Қостанай мектептерінде дайындалып жатқан террористік шабуыл туралы ақпарат тарады
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар Қостанайдағы бірнеше мектепке қарулы шабуыл жасамақ екені туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді және арандатушылыққа бой алдырмауды сұрады.

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оны таратқан авторды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Арандатушылыққа берілмеуіңізді, хабарламаны жібермеуіңізді және тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, департамент өкілдері ақпанда Қостанай мектептерінің бірінің оқушылары осындай хабарламалар таратқанын айтты. Кейін мұны істеген 10 жасар оқушы болып шықты.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 13 жастағы бала теракт туралы хабар таратып, кейін ұсталғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова