Айыппұл арқалаған петропавлдық полиция бөлімін қиратып кеткен

Айыппұл арқалаған петропавлдық полиция бөлімін қиратып кеткен
Фото: Instagram

Айыппұл арқалаған петропавлдық полиция бөлімін қиратып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петропавл полицейлері осыған дейін тыныштықты бұзып, жауапкершілікке тартылғаны үшін тәртіп сақшыларынан "кек алған" 18 жастағы жасөспірімнің "ізін суытпай" ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

4 наурыз күні Петропавлда сағат 08:20 шамасында № 11 учаскелік полиция пунктінің қызметкері қызметке келіп, сынған әйнектер мен УПП тамбурының ашық кіреберіс есігін байқаған. Бейне бақылау камераларының жазбасын қарап шыққаннан соң кінәліні тез анықтауға мүмкін болды. Ол сол күні таңертең тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тиісінше қоңырау сағат 04:20 шамасында "102" арнасына түскен.

Құқық бұзушының айтуынша, түнгі уақытта жабық болған полиция пунктінің мүлкін зақымдауын өзінің мас болуы және оған салынған айыппұлға ашулану себепкер болған. Бейнежазбадан оның терезені сындырып, тамбурға кіргені учаскелік полиция пунктінің үй-жайының кіреберіс темір есігін бұзып кірмекші болғандығын көруге болады. Медициналық куәландыру көрсеткендей, құқық бұзушы мас күйінде болған.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабы бойынша "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша материал жиналды. Бесінші наурызда әкімшілік соттың шешімімен жас жігіт 15 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлайды бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина