"Тәуекелге барамын". Әнші Нұрболат Қанай ел күтпеген жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Нұрболат Қанай бірнеше айға Алматыдан басқа қалаға көшетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"6 наурызда таңда тағы жер сілкінісі болыпты ғой. Мен алыс жолдан келіп, шаршап дым сезбей ұйықтап қалыппын. Қазір алматылықтардың көпшілігі жер сілкінісінен қорқып, сақтанып басқа қалаға көшіп кетіп жатыр ғой. Маған да 2-3 ай басқа қалада тұра тұрсам деген ой келіп тұр. Қазір таңдауымда 4 қала бар, олар Атырау, Шымкент, Астана және Ақтөбе. Басымдылық Шымкент пен Атырауда. Атырау менің туған жерім, ол жақта емін-еркін өз жұртымда күшті болып жүремін, бірақ жайлы зонаға кіріп кететін секілдімін. Ал, Шымкентке барсам, әйтеуір тәуекелге барамын, оның үстіне ол жақта бәрі арзан. Көреміз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Зауыттың шөбін қыратынбыз". Әнші Нұрболат Қанай өнер жолына қалай келгенін айтып бергені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Тыныс алу кезінде жүретін химиялық процесс қалай аталады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!