Алматыда 17-қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Алматының Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы 41/2 мекенжайындағы 17-қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары сағат 22:44-те оқиға орнына жетті.

Өрт көпқабатты үйдің 7-қабатында орналасқан пәтерден шыққаны анықталды, 40 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Кейбір тұрғындар өздері қауіпсіз орынға шығып үлгерген. Өртті сөндіруге автосаты қолданылған.

Өрт 23:01-де ауыздықталып, 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз