Түркістандық 13 жастағы оқушы қыз 800-ге жуық кітап оқыған

Түркістандық 13 жастағы оқушы қыз 800-ге жуық кітап оқыған
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістанда 13 жастағы оқушы 1,5 жылда 767 кітапты оқып бітірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Фатима Әлішерқызы бір кітапты 3-4 сағатта оқимын дейді. Ол классика және фэнтези жанрындағы кітаптарды оқығанды жақсы көреді.

"Ең ұнатып оқитыным - Хәрри Поттер кітабы. (...) Қазақ тіліне Stepp&world баспасы жеті томның барлығын аударып шықты. Біздің мектепке де бұл кітап келді. Мен осы кітаптың бәрін сатып алғанмын және оқығанмын. Бұл кітапқа арнайы зерттеулер жасалған екен, яғни бұл кітапты оқыған оқушылар зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қабылдамайды", - дейді ол.

5 жылда 5000 кітап оқуды мақсат еткен оқушы қыз шет тілдерді де үйренуге әуес. Ол қазір ағылшын тілін үйреніп жүр. Ол енді Хәрри Поттердің түпнұсқасын оқығысы келеді.

Фатима Әлішерқызы оқуда да озат, мектептегі іс-шараларға да қатысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан