Алматы тұрғындары қала орталығынан қою түтін байқады

Алматы тұрғындары қала орталығынан қою түтін байқады. Олардың сөзінше, өрт әл-Фараби және Назарбаев даңғылы бойынан байқалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"ТЖД күштер мен құралдары Медеу ауданы әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов бульвары мекен жайы бойынша куәгерлер бірнәрсе жанып жатқанын хабарлаған жерге жіберілді. Барған сәтте 4 шаршы метр аумақта салынып жатқан ғимараттың жертөлесінде қоқыс жанғаны анықталды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!