Шұғыл тоқтауға мәжбүр болған: Алматы маңында жүк пойызы жылқы қағып кетті

Алматы маңында жүк пойызы жылқы қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына қарасты Шамалған станциясының маңында қараусыз жайылып жүрген жылқы жүк пойызына соғылып, пойыз шұғыл түрде тоқтады.

"Бұл дерек Алматы-1  желілік полиция басқармасының ақпараттарды тіркеу кітабына тіркеліп, Шамалған станциясы қызметкерлері жылқының иесін анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде малдың иесі анықталып, ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушы айыппұл арқалағаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!