Қазақстанда әйелдер қай салада көп жұмыс істейді?

Қазақстанда әйелдер қай салада көп жұмыс істейді?
Фото: pixabay.com

Қазақстанда түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3 пайызы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Елімізде 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Көтерме және бөлшек саудада – 19,6 пайыз, ауыл шаруашылығында – 9,7 пайыз, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6 пайыз, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8 пайызы еңбектенеді.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, онда барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің тек 1,6 пайызы бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Ордабаев