Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады үшін күдікке ілінді.

"Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова