Павлодарда мектеп директоры 2,5 миллион теңге иемденіп алған

Павлодарда мектеп директоры 2,5 миллион теңге иемденіп алған
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодарда мектеп директоры қызметкерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 миллион теңге иемденіп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, тексеріс көрсеткендей, Павлодар қаласының барлық мектептерінде бейнебақылау камералары жазу функцияларысыз жұмыс істейді, олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның Жедел басқару орталығына қосылмаған.

Бұл кемшілік 2023 жылы "Smart City Pavodar" жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған.

Жергілікті атқарушы органдар оған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық анықталған дерек бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина