Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды

Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды
Фото: primeminister.kz

Есіл қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 5 наурызда болған. Полиция екі адамның да жеке басын анықтады. Қаза болғандардың бірі - Есіл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Мәліметтер бойынша, екі ер адам да сау болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина