Алматыдағы әуежайда Францияның екі азаматы ұсталды

Алматыдағы әуежайда Францияның екі азаматы ұсталды
Фото: ҰҚК

Алматының халықаралық әуежайында Францияның екі азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталған. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды.

Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина