Алматыда Баян Мақсатқызының үлкен шоу-мюзиклі өтті

5 наурызда Алматыда танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған "Queen" шоу-мюзиклі өтті. Онда қазақстандық әншілердің біршамасы өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шоу-мюзиклда Баян Мақсатқызының өмірі кезең-кезеңімен қойылған. Шоу 90 жылдары "Махаббат станциясы" фильмінің түсірілімінен басталған. Содан кейін продюсердің теледидар дәуірі көрсетіледі. Кейін "КешYou" тобының құрылу тарихы. Алғашқы түсірілген фильмдері, "Қазақ аруы" байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен таныстығы, "Бақыт" фильмі көрсетілген.

Сонымен қатар, шоу-мюзиклда бір кездері "КешYou" тобында өнер көрсеткен барлық әнші де ән айтты. 

Ерке Есмахан, Бағым Мақсатқызы, Жанар Дұғалова да ән шырқады.

Оған қоса композитор марқұм Арман Дүйсенов те еске алынды.

Шоу-мюзиклдің соңында Баян Мақсатқызы өзі өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы 50 жас мерейтойын дүркіретіп тойлап жатқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Жеті жарғы» қашан жасалды? Оның жасалу себептері қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!