"Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар". Қызылордада 28 жастағы ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылордада 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған. Қалалық полиция басқармасы оған іздеу салды.

Бойы – 1,80 сантиметр, шашы қара түсті, орташа денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ күрте, ақшыл-көк түсті джинс шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.

"Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!