Тікелей эфир кезінде жер сілкінген: штаттан тыс бас онколог Желіде тараған видеосына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова Алматыдағы жер сілкінісі кезінде тараған видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл видеоның неге соншалықты тарап кеткенін түсінбей отыр.

"Менің видеом соншалықты тарап кетеді деп ойламадым. Жер сілкінісі вебинар кезінде болды. Мен мұны күткен жоқпын, сол себіпті осындай реакция болды. Видео тарап кетті, тіпті өзім де алаңдай бастадым", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жер сілкінгенде тікелей эфирге шығып отырған вебинар қатысушыларының видеосы тараған еді.

Видеодан спикер міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты қандай да бір сұраққа жауап беріп жатқанын, артынша жер сілкінісі басталғанын көруге болады. 

Спикер әуелі "Жер сілкініп жатыр ма, қалай? Не істейміз?" дейді, артынша қатты жер сілкінгенде ол да, залда отырғандардың бәрі орнынан тұрып, ғимараттан шыға бастайды.

Кейбір Желі қолданушылары сөйлеп тұрған адам продюсер Баян Алагөзованың құдағиы - Диляра Қайдарова екенін жазды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз