Елімізде сұйытылған газ бағасы өседі

Елімізде сұйытылған газ бағасы өседі
Фото: Tengrinews.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл Қазақстанда сұйытылған газ 5-8 теңгеге қымбаттайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл сайын сұйытылған газ бағасының өсіруді жоспарлап отырмыз. Биыл өңірлерге байланысты сұйытылған газ бағасын шамамен 5-8 теңгеге арттырамыз. 2024 жылғы көктемдегі министрліктің жоспарында өсім қарастырылған", - деді Алмасадам Сәтқалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл ақпанда коммуналдық тарифтер айтырлықтай қымбаттаған:

Су бұруға – 33,9 пайыз;
Орталықтан жылытуға – 30,9 пайыз;
Суық суға – 30,8 пайыз;
Қоқыс шығаруға – 30,7 пайыз;
Ыстық суға – 29,4 пайыз;
Электр энергиясына – 19,9 пайыз. 

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz