Түркістан облысында ер адам балаларын ұрлықпен айналысуға мәжбүрлеген

Түркістан облысында ер адам балаларын ұрлықпен айналысуға мәжбүрлеген
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында ер адам балаларын ұрлықпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оның әйелінің сөзінше, өзі де, балалары да тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен. Олар бір бөлмеде жасырынуға мәжбүр болған, ал ер адам банк картасын пайдалануға мүмкіндік бермеген, өйткен барлық ақшаны ішімдікке жұмсаған. Әйелдің айтуынша, тіпті балаларды ұрлықпен айналысуға мәжбүр еткен.

Қазір бес баласы бар әйел "Көмек" дағдарыс орталығына орналастырылған.

Түркістан облысы бойынша омбудсмен өкілі шенеуніктерді бұл үшін жазалауды сұрайды.

Түркістан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жетісай ауданының тұрғынымен жеке кездесу өткізді.

Омбудсменнің өкілі аудандық және ауылдық әкімдіктердің, полицияның, Жетісай ауданының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді, оның барысында қатысушыларға нақты тапсырмалар берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова