Қазақстанға 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін

Қазақстанға 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін
Фото: Pixabay

Жыл соңын дейін Қазақстанға 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үкімет шетелдік компанияларды, ірі кәсіпорындарды көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Тізімде 30-дан аса елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінде құны 1,5 млрд доллар асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже бар. Бұл – inDriver, Fortoscue, TikTok және тағы басқа компаниялар. Бүгінде 37 компанияны (көшіру) бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі", - деді Бауыржан Құдайбергенов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің орынбасары шетелдік компанияларды көшіру бойынша жұмыс жыл соңына дейін жүргізілетінін жеткізді.

"Жұмысты жылдың соңына дейін жүргіземіз. Бірақ 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін. Бірақ (көшіп келетін компаниялар) аз да, көп те болуы ықтимал. Себебі, әр компания бойынша жұмыс жеке жүргізіледі. Мысалы, кейбір компаниялар тек жер учаскесін, ал кейбірі артықшылық пен жеңілдік сұрайды. Жалпы 37 компанияның құны шамамен миллиард доллар болады. Алайда бұл сан құбылып тұрады. Бірінші кезекте, елімізге өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін компаниялар, IT компаниялар, тау-кен өндіру саласындағы компаниялар көшіп жатыр", - деді вице-министр.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz