7 күн қатарынан тамақ ішпесеңіз не болады?

Кей адамдар қатаң диеталар ұстау арқылы арықтағысы келеді. Осыған қатысты Лондон және Норвегия ғалымдары зерттеу жүргізді: қатысушылар бір апта бойы ештеңе жемей, тек су ішті.

Адам сусыз максимум 7 күн, ал тамақсыз бір айға дейін өмір сүре алады деп саналады. Сөзсіз, барлығы ағзаның жеке ерекшеліктеріне, жасына және түрлі аурулардың бар болуына байланысты. Алайда бір рет тамақтану уақытын жіберіп алудың өзі хал-жағдайға әсер ете алады: әлсіздік пайда болады, бас ауыруы мүмкін. Сондықтан мұндай кең тараған интервалды ашығуды мамандар денсаулыққа қауіпті санайды.

Бірақ адам тамақтан бір аптаға бас тартса не болады? Бұл сұрақтың жауабын Лондон Университетінің және Норвегия спорт институтының ғалымдары іздестіріп көрді. Сарапшылардың зерттеуі Nature Metabolism журналында жарияланды.

Тәжірибеге 12 адам қатысты. Өз еркімен қатысқан барлық адамның дендері сау болды, сондықтан зерттеу кезінде оларда асқынулардың пайда болуының қаупі барынша төмен болды.

Қатысушылар 7 күн бойы ештеңе жемеді, оларға тек қарапайым су ішуге рұқсат берілді. Ғалымдар қатысушылардың ашығуға дейінгі, ашығу кезіндегі және ашығудан кейінгі қандағы 3 мыңға жуық ақуыз деңгейінің өзгерісін белгілеп алу үшін оларды күнде мұқият бақылап отырды. Реакцияларға қандай ақуыздар қатысатынын анықтаса, зерттеушілер ұзақ ашығудың денсаулыққа тигізуі мүмкін салдарларын айта алатын еді.

Ғалымдар мына нәрселерді анықтады:

  • Ағза ашығудың алғашқы екі немесе үш күні қорда сақталатын энергия көзін глюкозадан майға ауыстырады;
  • Әр қатысушы орташа есеппен 5 кг 700 г арықтады (май да, бұлшықет те кетті);
  • Ақуызға деген ең қатты реакция ашығудың үшінші күнінде басталд. Әр үшінші тексерілген ақуыз барлық негізгі органда айтарлықтай өзгерді;
  • Мидағы нейрондарда да өзгерістер пайда бола бастады: олар тамақтың жоқтығына қатты әсер берді.

Яғни, алғашқы үш күнде ағза ашығуға салыстырмалы түрде жай әсер береді. Қатты реакция төртінші күні басталады. Бұл кезде жиналған нәрселердің белсенді шығыны басталады. Қатысушылар ашығу диетасынан шыққан соң тағы 3 күндей салмақ сол күйі сақталды. Алайда май қайта жинала бастады, ал бұлшықет массасының жоғалу процесі 72 сағаттан соң ғана тоқтады.

Сарапшылар ашығу ағзаның майды жағуын шынымен де ынталандыратынын, алайда адам бағалы бұлшықет массасын жоғалтатынын айтты. Оған қоса, бұлшықет массасын қалыпқа келтіру қиындау. Сондай-ақ тамақтан бас тарту көпшілік адам үшін тыйым салынған, себебі ол денсаулыққа пайдасын емес, зиянын тигізеді.

Оқи отырыңыз: Ораза ұстағанда ескеретін жайттар. Дәрігер кеңесі