"Сақадай сай болуға тиіс". Премьер-министр Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралды. 

"Қазір болған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдау керек", - деді премьер-министр.

Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді. 

Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!