"Еңсеміз түсіп, еңіредік". Танымал блогер әкесінің қатты сырқаттанып қалғанын айтты

Танымал блогер, "Қалаулым" бағдарламасының экс-қатысушысы Жанерке Елшін әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің қатты сырқаттанып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қазір әкесі Қытайда ем алып жатыр. 

"Бұл туралы айтуға батылым жетпей жүр еді…
Ойласам, жүрегім дүрсілдеп кетеді…
Қазір де көңілім босап отыр.
Бірақ сіздерді екінші отбасым деген соң, бәрімен бөліскенді жөн көрдім…
Сіңілім сторисінде шет жағасын баяндапты…

Менің бұл жолғы Қытайға баруымның себебі - осы еді…
Ешқандай да жұмыс бабымен емес…

Бар болғаны 20 ақпанда туған күнін ауруханада қарсы алатын әкешімнің көңілі түсіп қалмауының қамын ойлап, құттықтап, қасында болсақ дедік…
Кішкентайымды қолтығыма қыса сап, сіңліммен бірге бардық.

Сөйтіп, 10 күн жанында болып, немересін иіскетіп, мотивация беріп қайттық", - деді ол.

Блогер әкесінің сырқатын қабылдау қиынға соққанын жеткізді. 

"Өмірге деген махаббаты мол, әрдайым позитивте жүретін әкешімнің бір-ақ күнде денсаулығынан үлкен ақау табылғанын қабылдау қиын болды.
Жыладық, еңсеміз түсті, еңіредік… Ал одан не пайда!?. Қолыңдағы байлығың да, дәулетің де, абыройың да мұндайда көк тиын…

Сондықтан қолымыздан келгеннің бәрін жасап, қолымыздан келмейтінін бір Аллаға тапсырдық!
Осындайда біз өзіміздің еш дәрменсіз құл екенімізді тағы да мойындадық!
Қазір тек Алладан шипа сұрап отырмыз, қалғанының бәрі жасалды…
Жазылатынына сенемін, Аллаға күмән келтірмеймін, бәрі жақсы болады.

“Денсаулық - зор байлық” - деген дүниенің мәнін енді түсінудемін.
Сіздерге де жайдан-жай бөлісіп жатқан жоқпын. Бұл да бір белгі шығар!?.
Денсаулықтарыңызға көңіл бөліңіздер! Ата-аналарыңызды қаратыңыздар, бағалаңыздар! Бар жақсыны беруге асығыңыздар! Бұл фәниде ертең не күтіп тұрғанын ешкім, ешкім, ешкім білмейді екен.

Асқар тау - әкешім өзінің ақкөңілділігімен, жұмсақ жүрегімен, позитивте жүретіндігімен, жүрген жерінде нұрын шашатындығымен, әзілімен сіздердің жүректеріңізден орын алғанын білемін.
Сіздерден сұрарым - Баянбайұлы Елшін әкем үшін дұғада болыңыздаршы.
Аман-есен елге оралып, той жасайықшы. Аумин. Сол күнді қатты күтемін.
Әкешім, мен аізді Алла разылығы үшін қатты жақсы көремін", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда онкологияны емдеу қанша тұрады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!