"Қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз". Ерке Есмахан жұрттан сүйінші сұрады

Танымал әнші Ерке Есмахан Желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, олар жер үй сатып алған.

"Біздің жанұяда бүгін қуаныш! Оны мен айтпасам, күйеуім айтпайды сіздерге. 
Қысқасы.
Сүйінші! Жер үйлі болдық.
Күйеуім көптен іздегенін тапты. 
Аллаға сансыз шүкір! Алла берекелі, хайырлы етсін!
Бүгін жер сілкінісінен соң ес жиып, қорыққаннан тез тез барып келісім шартқа қол қойып келдік. Енді салынып біткенін күтеміз. Алла түрлі табиғи апаттардан сақтасын. Тек аманшылық болсын. Енді күйеуім екеуміз қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз.
Алла тіл, сөз, көзден аулақ қылсын.

Қожайынның таңдауы - вилла!" - деп жазған әнші.

Айта кетейік, бұған дейін "Күйеуімді миллиардер қылсам деп отырмын". Ерке Есмахан отбасылық бюджеті туралы айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Макро және микроэлементтер деген не?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!