Алматы облысында 5 мыңнан астам пәтер жылу және ыстық сусыз қалды

Алматы облысында 5 мыңнан астам пәтер жылу және ыстық сусыз қалды
Фото: depositphotos.com

2024 жылғы 4 наурызда "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде "Тәуекел-Н-Алғабас" ЖШС газбен жабдықтау ұйымы тарапынандебиторлық берешекке байланысты қазандық сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, салдарынан 5 088 пәтер жылу және ыстық сусыз қалды, онда 20 000-нан астам адам тұрады.

Қазандыққа сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға сәйкес, "АлатауКомСервис" ЖШС қызмет көрсетеді.

"Сағат 20:00 қазандыққа газ беру қалпына келтірілді, қазандықтар штаттық режимде жұмыс істейді. "Асыл Арман" қызметкерлері жылыту жүйесі мен ГВС реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Қарыз төлемегендердің берешек сомасы - 47,457 миллион теңге.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан