Алматыда 100-ден астам адам әлі де қабылдау пунктілерінде жатыр

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жедел желі телефонына ақпараттық сипатта 239 қоңырау түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сонымен бірге Алматының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі бүлінулер туралы 156 өтініш түскен.

Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар. Тыныс -тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар халықты қабылдау пункттерінің мекенжайлары туралы мәліметті осы сілтеме арқылы алуға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!