"Тағдырластарын көрді". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігіті балалар үйіндегі кездесуден толқып қайтты

"Тағдырластарын көрді". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігіті балалар үйіндегі кездесуден толқып қайтты
Фото: instagram.com/barmysyn_bauyrym_qazaqstan/

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібек біраз уақыт туған елінде болып анасын іздеді, алайда визасының мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетті. Жақында елге қайта келіп, елордадағы балалар үйінің біріне барып, қайырылымдылық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Бармысың бауырым?" бағдарламасының әлеуметтік желідегі парақшасында видео жарияланды. 

Жәнібек балалар үйіне апарған барлық ойыншықты өзі таңдап, жеке табыстаған. 

"Жәнібек Алғыс айту күніне орай Қазақстанға келгенде, Балалар үйіне барып, қайырымдылық керуеніне үлес қосқысы келетінін айтты.

Мейірімді мереке қарсаңында елордадағы Балалар ауылына сыйлығын алып, арнайы барды. Өзімен тағдырлас балаларды көрді, танысты, сөйлесті. Жанары мөлдіреген ұл-қыздармен бұл кездесуі өте ерекше өтті.

Қайтарда мекеме басшылығына көп сұрақ қойды, соның бірі: «Шетелдіктер бала асырап алам десе, бересіздер ме?» деген сауал болды. Шетелге бала берілмейтінін естіп, қуанды.
Жәнібек балаларға бар жақсылықты тілеп, кездесуден толқып қайтты...", - деп жазылған видеода астында. 

Айта кетейік, бұған дейін "Нақты шешім қабылдап отырмыз". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігіті туралы жаңа дерек белгілі болғаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Жәңгiр хан тұсында Қазақ хандығының Бұхарамен қатынастары қандай болды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә