Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу аяғында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз