Алдағы күндері жер сілкінісі бола ма?

Алдағы күндері жер сілкінісі бола ма?
Фото: Massaget.kz

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы аумағында 70 пайыз ықтималдылықпен күшті жер сілкіністері күтілмейді деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 наурызда (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болып сезілді.

"Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды. "Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70 пайыз болжаммен күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.

Комиссияның келесі отырысы 6 наурызда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны хабарланды.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізді. Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бары да хабарланды. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді. 

Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова