Алматыдағы жер сілкінісі: қабылдау пунктіне қанша адам жүгінді?

Алматыдағы жер сілкінісі: қабылдау пунктіне қанша адам жүгінді?
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі өкілдері жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 14:00-тегі жағдай бойынша халықты қабылдау пункттеріне 1132 адам жүгінген.

Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу пункттерінде жүр.

Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді. 

Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова