Алматыдағы жер сілкінісі: полиция күшейген режимде жұмыс істеп жатыр

Алматыдағы жер сілкінісі: полиция күшейген режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: ІІМ

Алматы полициясы күшейген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 2 мыңнан аса полиция қызметкері жұмыс атқарып жатыр.

"Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар, тергеу-жедел топтар күшейтілді. Жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелер, жедел және жол қозғалысы, жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы көбейген. 

Алматыда азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілетіні де айтылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова