Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда тағы жер сілкінді
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда тағы жер сілкінді. Бұл жолы 2 баллдық жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 255 км жерде Қытай аумағында-афтершок орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.9.
MPV магнитудасы 5.3.
Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.47° ш. б.
Тереңдігі 10 км.
Анықталғандығы туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл

Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? 

Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді. 

Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина