Алматыдағы жер сілкінісі: көлік кептелісі пайда болды

Алматыдағы жер сілкінісі: көлік кептелісі пайда болды
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда 4 наурызда жер сілкінісінен соң қалада көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Яндекс қосымшасындағы мәлімет бойынша сағат 12:36 -дағы кептеліс 9 баллды көрсеткен.

 Ал 12:41 -дегі көрсеткіш бойынша 2gis қосымшасында 10 баллды көрсетті.

Қала тұрғындары да такси бағасының әдеттегіден қымбаттағанын айтып, шағымданды.

 Яндекс қосымшасы такси бағасның қымбаттауын тапсырыстың көптігімен байланыстырған.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. 

ТЖД бастығы Алматыдағы жер сілкінісі туралы қауіп сақталатынын айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы