Алматыда жер сілкінісі тіркелді: азаматтар қайда хабарласа алады?

Алматыда жер сілкінісі тіркелді: азаматтар қайда хабарласа алады?
Фото: depositphotos.com

Алматы облысында жер сілкінісіне байланысты жедел желі жұмыс істейді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азаматтар құтқару қызметіне, яғни 112 немесе 101 телефондарына хабарласа алады. Одан бөлек 8727 722 61 51 нөміріне қоңырау шалуға болады. Ал психологиялық қолдау нөмірі - 8 727 722 60 97.

ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Алматы уақытымен сағат 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова