ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Фото: © Әлихан Сариев

Алматы қаласында 4 наурызда сағат 11:22-де жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды. Үрейге бой бермеңіз. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін ғимараттардан шығыңыз. Жақын орналасқан қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сеніңіз. Назар аударыңыз, сирена сигналын естіген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай анықталған соң қосымша ақпарат жеткізіледі", - делінген хабарламада.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы