Қостанайда баланы ұрып жіберген балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

Қостанайда баланы ұрып жіберген балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Білім бөлімі бұл деректі растаған. Тәрбиеші арнайы баппен жұмыстан кеткен. 

Бұл істі полиция тіркеген. Тәрбиешіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Материалды Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина