Ақтауда полицейлер көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған қызды іздестіріп жатыр

Ақтауда полицейлер көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған қызды іздестіріп жатыр
Фото: lada.kz

3 наурызда әлеуметтік желі парақшаларында қыздың терезеден секірмек болған видеосы тарады. Полиция департаменті 32Б шағынауданындағы "Amanat" тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Lada.kz" сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 20 жастағы қыздың тұрғын үй кешенінің терезесінен секіруіне адамдар кедергі келтірген. Кейін ол белгісіз бағытқа кеткен. 

"Қазіргі уақытта полицейлер іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы да оқи отырыңыздар: Нәруыздың құрамына қандай элементтер кіреді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә