Ақтаудағы сауда орталықтың бірінде 7 жасар қыз саусағының бір бөлігінен айрылған

Ақтаудағы сауда орталықтың бірінде 7 жасар қыз саусағының бір бөлігінен айрылған
Фото: rawpixel.com / Freepik

Ақтаудағы сауда орталықтың бірінде 7 жасар қыз эскалаторда жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "lada.kz-ке" сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурызда болған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бала Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды.

"Жеті жасар қыз саусағының бір бөлігінен айрылған. Дәрігерлер оны сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту емінен өтеді, болжам жасауға әлі ерте", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Тағы да оқи отырыңыздар: Нәруыздың құрамына қандай элементтер кіреді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә