Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді: оқиға орнында не болып жатыр?

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді: оқиға орнында не болып жатыр?
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді. Өртті сөндіру жұмыстары екі күн бойы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

2 наурызда 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 гектар алаңда қамыс өсімдіктері өртенді .

Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды. 

Кейінгі деректер бойынша, өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

"Оқиға орнында ТЖД, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жеке құрамнан 35 адам, мотоқайықтар, 6 мотопомпа және техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Батпақты жер мен қамыстың тығыз қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек