Алматы маңында өлі табылған ер адамға қатысты жаңа дерек айтылды

Алматы маңында өлі табылған ер адамға қатысты жаңа дерек айтылды
Фото: depositphotos.com

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен, кейін өлі табылған ер адамның ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция ер адамның өліміне қатысты толық мәлімет берді.

"28 ақпанда Талғар ауданындағы Нұра ауылының маңындағы өзен жағасынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Ол қаңтардың ортасынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Қазір ер адамның із-түссіз жоғалуы мен өліміне қатысты мән-жай анықталып жатыр.

LIDER.KZ еріктілерінің мәліметінше, 1985 жылы туған Жапаров Кенгес 16 қаңтарға қараған түні жоғалып кеткен. Ер адам Талғар ауданы, Нұра ауылы, Досмұхаметов көшесі, 10-үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

29 ақпанда жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек