Қарағандыда белгісіз дабыл жұртты шошытты

Қарағанды ​​тұрғындарын белгісіз дабыл үрейлендірді. Ол 1 наурызға қараған түні қаланың әр жерінде естілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқырмандар Tengrinews порталының WhatsApp редакциясына түнде қорқынышты дабыл естігендерін хабарлады. Ол қайдан шыққаны белгісіз.

Бұған ұқсас ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Бұл шынымен қорқынышты болды. Бұл не болуы мүмкін?" – дейді Instagram желісіндегі жазбалардың бірі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода дауыс анық естіледі. Жазба 1 наурызда жарияланған. 

Tengrinews.kz редакциясы Қарағанды ​​облысының әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментінен пікір білдіруін сұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!