Ораза-2024. Клизма қабылдау оразаны бұза ма?

2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ораза кезінде клизма қабылдау оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Клизма дегеніміз - тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу немесе диагноз қою мақсатымен әртүрлі сұйықтықтар жіберетін процесс. Ораза кезінде клизма қабылдау оразаны бұзады. 

Ибн Абидин "Радду әл-мухтар" кітабында: "Егер клизма қабылдап немесе мұрнына дәрі тамызса, оразасы бұзылып, тек қазасы өтеледі", - деген.

Оқи отырыңыз: Күйеуі рұқсат бермесе, әйелі ораза ұстай алмай ма?