Күйеуіңізге бермеңіз! Ерлердің денсаулығын улап, потенциалын төмендететін өнімдер аталды

Күйеуіңізге бермеңіз! Ерлердің денсаулығын улап, потенциалын төмендететін өнімдер аталды
Фото: pixabay

Жақсы потенциалды сақтау үшін ерлер диетадағы белгілі бір тағамдардың мөлшерін алып тастауы немесе айтарлықтай азайтуы керек. Бұл туралы урологиялық онколог Марк Гадзиан өзінің телеграм арнасында айтты. Ол ер адамның денсаулығына улы болатын тағамдарды тізіп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігер жазбаны оқып отырған әйелдерге:

"Егер қасыңызда күшті потенциалы бар еркекті қаласаңыз, таңдаған адамыңыздың рационынан осы тағамдарды алып тастаңыз. Олардың біріншісін қант. Бұл өнім инсулин өндірісін тудырады, бұл тестостерон деңгейінің төмендеуіне әкеледі", - деді Марк Гадзиан.

Сондай-ақ, дәрігер күнбағыс, жүгері және соя майларын тұтынуды азайту керегін атап өтті. Өйткені олардың құрамында эрекцияға ықпал етпейтін омега-6 май қышқылдары бар. Гадзиан семіздіктен басқа эректильді дисфункцияны тудыратын қаныққан майлардан – фастфудтан да бас тарту керек екенін айтты.

Дәрігер жыныстық қатынасқа деген қызығушылықты өлтіретін алкоголь мен ақ тұзды осы тізіміге қосқан.

"Сіз бұл өнімдердің көп пайдалы тұстарын айта аласыз. Ал бірақ мен өзімді жүрек-қан тамырлары ауруларымен, бүйректегі тастармен және либидоның төмендеуімен шектеймін!" – деп түйіндеді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов