Ақтөбе облысында полицей балаларды өрттен құтқарамын деп өзі есінен танып қалған

Ақтөбе облысында полицей балаларды өрттен құтқарамын деп өзі есінен танып қалған
Фото: POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында полиция қызметкері тұтас бір отбасын өрт құрсауынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 наурызда таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан.

"Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған. Осы уақытта өртсөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан