"Ол жайлы ешкім білмейтін". Актриса Әсел Асқар сүйінші жаңалығын бөлісті

"Ол жайлы ешкім білмейтін". Актриса Әсел Асқар сүйінші жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/assel.askar

Актриса және блогер Әсел Асқар оқырмандарымен сүйінші жаңалығын бөлісті. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса жер үй сатып алғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

"Сүйінші!

Алматының төрінде,
Алатаудың бөктерінде…

32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, ер азаматтардың көбісінің қолдарынан келмейтін үлкен іс жасап отыр, пысық қыздарың Аселёк. 6 жыл бойы ақша жинап жүрдім. Ол жайлы ешкім білмейтін. Ақырын ғана мақсатыма қарай жүрдім. Міне, бұл менің блогтағы көпжылдық еңбегімнің жемісі. Құттықтай берсеңіздер болады. Сендерге де жұғысты болсын", - деп жазды актриса.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)

А. Жапатова