Қостанай облысында әйел мен үш бала көмірқышқыл газынан уланып қалған

Қостанай облысында әйел мен үш бала көмірқышқыл газынан уланып қалған
Фото: depositphotos.com

Қостанай облысында әйел мен үш бала көмірқышқыл газынан уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі мәліметінше, оқиға 29 ақпанда облыс орталығындағы Федоровкада болған. Жеке тұрғын үй қатты отынмен жылытылатын болған.

Пешті пайдалану ережесін бұзу салдарынан 32 жастағы әйел мен үш бала жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газынан уланған. Барлығы облыстық ауруханаға жатқызылған.

"Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды қырағылық пен сақтыққа шақырып, жылу, электр құрылғылары мен электр желілерінің жай-күйін қадағалау керектігін еске салады. Ғимараттарда темекі шегуге қатаң тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан