Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілген: полиция мән-жайды анықтап жатыр

Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілген: полиция мән-жайды анықтап жатыр
Фото: Дмитрий Доценко

Алматы полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған "Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді" деген хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды", - деп мәлімдеді ведомство.

Жануарлар құқығын қорғаушы Наталья Сульжик Facebook желісінде Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан атылғанын хабарлады.

Құс ветеринарлық емханаға жеткізілді. Алайда, жануарлар құқығын қорғаушы мен ветеринарлар қанша тырысқанымен, құс тірі қалмады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан