Клиентке несие беруден бас тартқанын айтқан: тұрғындардың ақшасын жымқырған аягөздік банк қызметкері сотталды

Клиентке несие беруден бас тартқанын айтқан: тұрғындардың ақшасын жымқырған аягөздік банк қызметкері сотталды
Фото: Tengrinews.kz

Абай облысында күдікті алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аягөз қаласының 24 жастағы банк қызметкері банк және тұрмыстық техника дүкендерінің клиенттеріне тауарлық және ақшалай несие берген. Ол несие алуға онлайн өтініш беріп, қажетті соманы алып, ақшаны банктегі өзінің шотына аударып отырған. Алайда клиентке несие беруден бас тартқанын айтқан.

"Қала тұрғыны 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауарлық несие алған, осылайша бойжеткен Аягөз қаласының 29 жастағы тұрғынын алдап, оларға жалпы сомасы 35 миллион теңгеден астам моралдық шығын келтірген", - деп хабарлады полиция.

Сот оны кінәлі деп тауып, Қазақстан Республикасының 190-бабымен 3 жыл 6 ай мерзміге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды. Сотталған әйел қазіргі уақытта Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұр.

"Сотталғанмен үнемі психологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілуде, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орны бар. Алған жалақысынан үкімде көрсетілген қарыздарын қайтару үсінде", - дейді Аягөз аудандық пробация қызметкерінің бастығы Ермек Қалиев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан