Ашығудың ағзаға пайдасы

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы инстаграмдағы парақшасында ашығудың ағзаға пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ашығу - талай ауруға ем. Ғылымның өзі ашығу кезінде ағза жасушалық деңгейде жаңарып, жасаратынын дәлелдеген. Бұл аутофагия деп аталады. Мағынасы - "өзін-өзі жеу". Ағзаға сырттан қорек түспесе, жасушалар іште жиналған уыттарды жей бастайды. Ал уыт әр органда, әр жасушада, тіпті жасушаралық кеңістікте де көп. Әсіресе ағзадағы ыдырамай, қорытылмай, сіңбей қалып қойған ақуыз, жиналған майлар, түрлі қалдықтар, ауру бактериялары мен вирустар - аштық кезінде ағзаға қорек болады. Яғни, сырттан түсетін қорек жоқ, ағза амалсыз іштегі жарамсыз қалдықтарды қорыта бастайды. Негізі аутофагия процесі ағзада үнемі жүріп отырады, бірақ тым баяу. Өйткені, біз артық тамақтану арқылы оған мүмкіндік бермейміз", - дейді дәрігер.

Қалай ашығу керек?

"Аутофагия механизмі бойынша, 16/8 тәсілі дұрыс. Оның жиілігін дерігеріңіз денсаулығыңызға байланысты айтады. Осы ретте алдағы Рамазан айындағы оразаның да адам ағзасы үшін пайдасын еске салғым келеді", - дейді Айжан Қалдыбекқызы.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы Ораза қашан басталады?