Қостанайда ер адам танысынан алған 2 миллион теңгені қайтармаған

Қостанайда ер адам танысынан алған 2 миллион теңгені қайтармаған
Фото: Tengrinews.kz

Қостанайда ер адам танысынан алған 2 миллион теңгені қайтармаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпан айының басында Қостанай қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы келіп түсті. 35 жастағы жергілікті тұрғын танысынан 2 миллион теңге қарыз алып, ұзақ уақыт бойы ақшаны қайтармаған.

Сот талқылауынан кейін, сот қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Алайда ер адам жасырынып, сот шешімін орындамағаны үшін іздестіруге жарияланды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушінің орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта одан әрі істі қарау үшін ол сот орындаушысына тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан