Еркін Наурызбаев Qazaq Air басқарма төрағасы қызметінен кетті

Еркін Наурызбаев Qazaq Air басқарма төрағасы қызметінен кетті
Фото: Qazaq Air

2024 жылғы 29 ақпанда Еркін Наурызбаев Qazaq Air АҚ басқарма төрағасы қызметін аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Наурызбаев Qazaq Air әуекомпаниясын 2022 жылғы 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы. Еркін Әнесұлының авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл. Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді. 2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді", - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Жақыповқа жүктелді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан